Нұр-Сұлтанда Pfizer екпесін қайда салдыруға болады?
Нұр-Сұлтанда Pfizer екпесін қайда салдыруға болады?
Сурет: Shutterstock
341
оқылды

15 қарашадан бастап елордада "Файзермен" вакциналау басталады. Тиісті контингентке екпе қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. 

"Алайда, қаланың барлық медұйымы жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балаларды вакциналау науқанына қатыспайды", - делінген хабарламада.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы "Файзер" вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар тізімін ұсынып отыр:
  • қалалық #1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханасы;
  • “Достық” отбасылық денсаулық орталығы;
  • “Жанұя”, “Салауатты Астана”, “Шипагер”, “Кировская” ЖШС (барлық филиалдары).
Аталған ұйымдар арасында тиісті контингентті вакцинациялау үшін дозалар бөлінді.