2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елде 164,9 мың тонна күріш өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10% көп, - деп хабарлайды Informburo.kz сайты.
Өндіріс бойынша келесі өңірлер алда келеді:
Қызылорда облысы – 150,5 мың тонна, бір жылда 5% өскен;
Түркістан облысы – 7,5 мың тонна;
Алматы облысы – 6,9 мың тонна.
Жалпы 2020 жылы 200,8 мың тонна күріш өндірілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,1% көп.
Соңғы 8 ай қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар сұранысты 97,8% қамтамасыз етті. Мұның алдында 96,2% болған еді. Отандық өндіріс көлемі өскендіктен, импорт бір жыл ішінде 36,5% немесе 3,4 мың тоннаға қысқарды. Керісінше күріш экспорты 7,6% немесе 69,1 мың тоннаға өсті. Экспорттың жалпы көлемі 45,5%-ды құрады.
Хабар24 мәліметінше, Қызылорда облысының диқаншылары экспортты арттырып, импорт көлемін азайтпақ. Өңірдегі шаруашылықтар қазірдің өзінде 500 мың тонна күріш дайындады. Әр гектардан 60 центнер күріштен алған.
Қаңтар-тамыз айларында диқаншылар 20,2 млн АҚШ долларына 70 мың тонна күріш жіберді. Жолданған күріш көлемі – 7%, ал ақшалай табыс 12,3% өсті.
Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Бұл мемлекеттер жалпы 68,3 мың тонна көлемінде күріш экспорттады – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,2% көп.
Өзбекстан – 25,3 мың тонна;
Тәжікстан – 17,2 мың тонна;
Ресей – 14,7 мың тонна күріш импорттады.
ТМД құрамына кірмейтін елдерге 1,7 мың тонна күріш жіберілді – өткен жылмен салыстырғанда 2,2% аз.
Негізгі импортшылар:
Моңғолия – 1,2 мың тонна;
Ирак – 419 тонна.
Осы жылдың қазан айында дүкендерде күріштің килограмы 367 теңгеден сатылды. Өткен жылмен салыстырғанда бағасы 2,2% арзан.
Ең қымбат баға Нұр-Сұлтанда тіркелді, келісі – 465 теңге, Петропавлда – 290 теңге.
Сондай-ақ, бір жыл ішінде келесі өңірлерде бағаның өскені байқалды:
Атырау облысы – 6,2%;
Қарағанды облысы – 6%;
Маңғыстау облысы – 4,2%;
Нұр-Сұлтан – 0,7%.
Қалған 13 өңірде керісінше баға арзандады:
Батыс Қазақстан облысы – 0,2%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 10,8%.
Еске салсақ, Қазақстанның үш өңірінде тұрғын үй жалдау бағасы 30% өсті. Тамызда тұрғын үй шаршы метрі 1 877 теңге болып, жалдау бағасы 2,1% артты.