Ақтауда мектеп-гимназияға "жарылғыш зат қойылды" деген хабар таратқан адам іздестірілуде
Ақтауда мектеп-гимназияға "жарылғыш зат қойылды" деген хабар таратқан адам іздестірілуде
Фото: tass.ru
202
оқылды
Желіде Ақтаудағы бірнеше мектепте жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады. Жергілікті "Лада" басылымының ақпаратына сәйкес, қала тұрғыны сенбі, 13 қарашада белгісіз адамнан осындай хабарлама алған. Кейін автор ақпаратты өшіріп тастады. Ер адам скриншот жасап үлгерді. Хабарламада бірнеше мектепке жарылыс зат қойылғаны айтылған.
"Ақпарат үшін 2 миллион теңге талап етемін", – деп жазылған.
Өңірдің полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Құқық қорғаушылар оқу орындарын тексеріп, жарылғыш зат анықтамаған. Тәртіп сақшылары ақпарат авторын іздестіріп жатыр. Қалалық әкімдік те бұл фейк ақпарат екенін растады. Мектептер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.