БҚО-да ер адам ауылдасын ұрып өлтірген
БҚО-да ер адам ауылдасын ұрып өлтірген
Фото: yandex.kz
212
оқылды
БҚО-да полицейлер адам өлтірді деген күдікпен Серебряково ауылының тұрғынын ұстады, – деп хабарлады Polisia.kz. 54 жастағы ауыл тұрғыны өз үйінде 40 жастағы танысымен ішімдік ішкен. Олардың арасында жанжал шығып, келген қонақ үй иесін ұрып-соғып, кетіп қалған. Келесі күні ол ауылдасына қайтып келіп, оның есінен танып жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер ештеңе істей алмады, жәбірленуші ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Оқиға Батыс Қазақстан облысының Серебряково ауылында болған. Сол күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, сотқа дейінгі тергеу басталды.