Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
14 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 972 адам коронавирус инфекциясынан (-29 982+ және 4 990 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 736 науқас – стационарда, 28 236 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 503 адамның жағдайы ауыр,
• 127 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 89 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.