Cиноптиктер 15 қараша күні еліміздегі ауа райына қатысты болжамын жариялады.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің ұйытқуы секундына 15-20 метр жылдамдық болады деп күтілуде.
Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болып, жел 15 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында таулы аймақтарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, түнде жел екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, ал батысында – жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы және орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтілуде. Жел екпіні секундына 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аймақтарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде екпіні 23-28, кей жерде 30 м/с және одан да жоғары болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батыс, солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, ал солтүстік, оңтүстік және шығысында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал, күндіз жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.