Ақмолада алыс жолға шыққан Белоруссия азаматының мәйіті табылды   
Ақмолада алыс жолға шыққан Белоруссия азаматының мәйіті табылды   
241
оқылды

 Ақмола облысының Есіл ауданында жол жиегіне шығып кеткен фурадан 56 жастағы Белоруссия азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Есіл аудандық полиция бөліміне Есіл қаласы мен Красивое селосының арасындағы «Жақсы-Есіл-Бұзылық» трассасының 50-шақырымында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы Теміртау қаласының 38 жастағы тұрғыны хабарлаған. «Полицейлер оқиға орнын тексеру кезінде SCANIA маркалы фура жүк көлігінің жүргізуші орындығында 56 жастағы Белоруссия азаматының мәйітін анықтады. Сот-медициналық сарапшының қатысуымен шолу кезінде оның денесінде қандай да бір дене жарақаттары байқалмаған. Алдын-ала болжам бойынша, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі өлімге себеп болған. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді», - ­ дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жол жиегіне түсіп кеткен SCANIA маркалы фура жүк көлігіне ешқандай зақым болмаған. Автокөліктің ізіне қарағанда, ол жолдың оң жағына түсіп кеткен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы