Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жиынына қатысады
Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жиынына қатысады
Фото: halqym.kz
209
оқылды

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді.

Президенттің баспасөз қызметі 15:00-де Facebook-тағы AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады.