Теңге қалай құнсызданды?
Теңге қалай құнсызданды?
©А. Ахметқазы
1,195
оқылды

15 қараша – Қазақстанның Ұлттық валюта күні. Осыдан 28 жыл бұрын, 1993 жылы ұлттық валютамыз айналымға енді. Сондықтан төл валютаның қолданысқа енген күннен бастап қалай құбылып, әрі құсызданғанын тізбектедік.

1993 жылы елде 1 доллар бағамы небәрі 4,7 теңгеге бағаланды. Алайда бұл бағам бар болғаны 1,5 айға ғана созылды. Өйткені 1994 жылдың қаңтарында АҚШ валютасы бірден 8,17 теңгеге дейін қымбаттады. Ал қазақстандықтар теңгенің девальвациясы туралы алғаш рет 1999 жылы білді. Ол кезде доллар 88-ден 160 теңгеге күрт өсті. Тамыз айында валюта бағамы 130 теңгеге дейін төмендеді. Үкімет азаматтарға девальвация жергілікті компанияларды қолдау үшін және Ұлттық банктің бағамды тұрақтандыру шығынын азайту үшін қажет болды деп түсіндірді.

Елімізде екінші девальвация 2009 жылы болды. Оны теңгенің құнсыздануын қадағалаушы мекеменің жаңа басшысы Григорий Марченко жүзеге асырған болатын. Сол жылдың ақпанында доллар бағамы Қазақстанда 130-дан 170 теңгеге дейін өсті. Кейін доллар 150 теңгеге түсті.

2014 жылдың ақпанында елде үшінші девальвация тіркелді. Бұл жолы Қайрат Келімбетовтің басшылығымен тағы да 1 доллар 185 теңгеге дейін өсті. Сол кезде Ұлттық банк жетекшісі мұндай қадамның жасалуы елде артық қор жиналуымен түсіндірген. Дегенмен бұл қор бір жарым жылға ғана жетті. 2015 жылдың тамызында Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберу туралы шешімге келді. Нәтижесінде, валюта бір күнде 35,5% құнсызданып, бір доллар 188-255 дейін бағаланды. Келесі жылда 1 доллар бағамы 342,16 теңгеге жетті. Ал 2017 жылдың 17 қарашасында 76,8% арзандады. 2019 жылы 1 доллар бағамы 382,75 теңге болды. 2020 жылы доллар 424,53 теңгеге өсті.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін теңге 56 есе құнсызданды. Тіпті, мамандар жыл соңына дейін теңге тағы құнсыздануы мүмкін екенін айтты. Экономист Арман Байғановтың болжамынша, 2022 жылы доллар бағамы 500 теңгеге жетеуі мүмкін.

Әсіресе, індет тарап, қатаң карантин талаптары тағы күшейсе, доллар бағамы өсе береді. Енді жыл сайын теңге 3-4 пайызға құнын жоғалтатынын да сарапшылар жеткізді.