«Жасыл» аймақта «Ашық» нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа, яғни «Ашық көшбасшылары» жұмыс уақытын сағат 05:00-ге дейін, басқа «Ашық» қатысушылары 03:00-ге дейін жұмыс істей алатын болады. Тиісінше келушілер саны да артады»,- деді Сәдуақас Байғабылов.Сондай-ақ, оның айтуынша, «жасыл» мәртебе сақталып тұрған жағдайда келесі іс-шараларға да рұқсат етіледі. Отбасылық еске алуларға, салтанатты іс-шаралар, (банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды) өткізу – 50 %-ға дейін, бірақ адам саны 100 орыннан аспауы керек; көп адам жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шаралар – 50%-ға дейін, келушілер саны 100-ден аспауы тиіс; көрмелер – келушілер саны сыйымдылықтың 70%-дан көп емес, бірақ бір уақытта 500 келушілерден аспайды; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар – толтыру деңгейі 80%-дан аспайды. Сондай-ақ Байғабыловтың айтуынша, 21 қарашаға дейін «сары» аймақтың шарттары бойынша, Ашық нысандарының жұмысын шектеу режимі сақталады.
Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы