Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
430
оқылды
Синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер Маңғыстау облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжап отыр. Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады, облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтілуде. Облыстың батысы мен шығысында боран соғып, жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде – көктайғақ, облыстың батысында – тұман, облыстың оңтүстігінде – жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының орталығында – тұман, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде – 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, облыстың батысында – 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстік-батысында тұман, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында  көктайғақ болады.