Нұр-Сұлтаннан Шарм-Эль-Шейхқа бағыт алған ұшақ мас жолаушының кесірінен Ақтауға қонуға мәжбүр болды.
«Ол алкогольдік ішімдікті мөлшерден тыс ішіп, ұшақ ішінде тәртіп бұзды. Салдарынан лайнерді Ақтау әуежайына қондыруға тура келді. Құқық бұзушы өзін агрессивті ұстады. Бортсеріктердің ескертулерін елемеген», – дейді көліктегі Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
59 жастағы әйелдің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.
Жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзу фактілері бойынша 40 мыңнан астам азаматты, оның ішінде ішімдік ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 3 784 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.