Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Бүгін сағат 19:40-тан бастап көктайғақ және жолдағы қауіпке байланысты «Өскемен – Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының келесі учаскелерінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Атап айтқанда: 15-102 шақырымдағы учаскеде (Глубокое бұрылысынан Шемонаиха кентіне дейін); 105-123 шақырымдағы учаскеде (Шемонаиха кенті – РФ шекарасы)