Алматыда адам өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталды
Алматыда адам өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталды
gazeta.ru
403
оқылды
13 қарашада Қызылорда облысы мен Алматы облысы криминалды полиция басқармасының қызметкерлері оңтүстік астанада екі адамды ұстаған. Күдіктілер тамыздан бастап ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында ("Атыс қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық"), 24-бабының 3-бөлігінде және 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармақтарында ("Бұзақылық ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған кісі өлтіруге оқталу") көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Полицейлер күдіктілерді  Түрксіб ауданындағы жалға алынған пәтерде ұстады. Оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.