Алматыда қарт әйел көліктің астына түсіп, көз жұмды
Алматыда қарт әйел көліктің астына түсіп, көз жұмды
© liter.kz
271
оқылды
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылы бойындағы «Көтерме» базардың маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, 1949 жылы туған қарт әйел базар жақтан шығып келе жатып 20-30 метр биіктіктегі жаяу жүргіншілерге арналған көпірге жетпей жолды кесіп өтпек болған. Осы кезде жоғары жылдамдықпен келе жатқан Фольксваген Поло көлігінің астына түсіп кеткен. Жүргізуші Райымбек даңғылының бойымен шығысқа қарай жүріп келе жатқан. Ауыр соққыдан марқұм зейнеткер жол жиегіне ұшып түскен. Ол медициналық жедел-жәрдем дәрігерлері келгенше оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру, анықтау жұмыстарымен айналысуда.

Нұрболат Адырбек