Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы жастар бірлестіктерінің көшбасшылары жасөспірімдерге коронавирус инфекциясына қарсы тезірек екпе алуды ұсынды.
«Коронавирустың «дельта» нұсқасы өте қауіпті екені құпия емес. Оның айналымын ескере отырып, мен жасөспірімдерді вакциналауды бастауға барлық негіздерді көріп отырмын, оның үстіне бізде Pfizer сияқты қорғану құралы бар», – дейді «Алматының студенттер альянсы» корпоративтік қорының басшысы Жасұлан Қуандық. Ол елімізде коронавирусқа қарсы иммундау қол жетімді және ақысыз екенін, сондықтан ересектер келіп, вакцинациядан өтіп, балаларды аурудан қорғауы керек екенін атап өтті. Ж. Қуандық коронавирус бүкіл әлемде үйреншікті өмір салтын бұзғанын, оқушылар мен студенттердің бір жарым жыл бойы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі болмағанын атап өтті. Ол вакцина алмаған соң ауырған достарының жұқтыру оқиғалары туралы айтты. Студенттер альянсы жетекшісінің мәліметі бойынша Алматыда 18 жасқа толмаған 180 мыңға жуық студент бар. Олардың әрқайсысымен еріктілер вакцинация мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жастар көшбасшысының пікіріне Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жобаларының әкімгері Мәдина Иманғожанова да қолдады. Оның пікірінше, ата-аналар вакцинациядан кейінгі асқынулардан қорықпауы керек, жасөспірімдер Pfizer вакцинасын жеңіл қабылдайды, ал коронавирустың асқыну қаупі бірнеше есе жоғары. Мегаполистің Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 1 ақпаннан 15 қарашаға дейінгі аралықта бірінші компонентпен 1 011 781, екінші компонентпен – 951 261 алматылық егілді. Алматыда 12 қарашадан бастап Pfizer препаратын 160 жүкті әйел, 552 бала емізетін әйел және 1130 жасөспірім қабылдаған.Нұрболат Адырбек