Қарағандыда кондуктор жолаушыларды пышақпен қорқытты
Қарағандыда кондуктор жолаушыларды пышақпен қорқытты
207
оқылды

Қарағанды мен Абай қаласы аралығында жолаушы тасымалдайтын автобуста оқыс оқиға болды. Жолда кондуктордың ұстамасы ұстап, жолаушыларды пышақпен қорқытқан. Сондай-ақ өзін өлтіруге талпынған. 

«Бұл Қарағандыдан Абайға қарай келе жатқанда болды. Автобус Ақтасқа жақын жерде кондуктор бүлік шығарғанда тоқтады. Ол белбеумен өзін буындырып өлтірмек болған. Онда эпилепсиялық талма болды. Ол арқанмен сыртқа шығып, дала кезіп кетті. Қайтып келіп, автобустың суырмасынан пышақты алып, оны ары-бері бұлғай бастады. Ол ешкімді жарақаттаған жоқ, барлық жолаушылар басқа автобусқа отырғызылды»,  - деді куәгерлердің бірі. Қазіргі таңда №3 автопарк сырқат адамның жұмысқа қалай орналасқанын анықтау бағытында жұмыс істеп жатыр. Ал, кондуктор жұмыстан шеттетілді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ