Жаңаөзенде кәмелет жасына толмаған қызды қасқыр жеп қойған
Жаңаөзенде кәмелет жасына толмаған қызды қасқыр жеп қойған
© wikipedia.org
353
оқылды
Жаңаөзен тұрғыны сұмдық жайттың куәсі болды. Көше иттері оның ауласына қыздың мүжілген аяғын әкеліп тастаған, – деп хабарлады КТК телеарнасы Кәмелет жасына толмаған қызды үш құрбысы соққыға жыққан. Алдымен көліктің ішінде ұрып, кейін жапан далаға апарып тастаған. Қызды шашынан сүйреп далаға шығарып, басынан металл тұрбамен ұрған. Қыз есінен танып қалған соң қаскөйлер жүрек қағысын тексеріп, тірі екенін анықтаған. Содан соң аяғынан сүйреп, жолдан шығарып тастаған. Үйлеріне оралған соң күдіктілер киімдерін шешіп, қоқыс контейнерінде өртеген. Оқиға 2012 жылы болған. Қазіргі уақытта кінәлілер жазасын Шымкент әйелдер колониясында  өтеп жатыр. Қылмыс жасаған сәтте 22 жаста болған сотталушылардың бірі бүгінде 31 жасқа аяқ басты.
"Қатты өкінемін. Ата-анасынан, бауырлары мен туыстарынан ұяламын. Бостандықта мені қызым күтіп жүр. Ол кезде жасы небәрі 5-те еді, қазір 14-те. Онымен үнемі сөйлесіп, қателіктерімді қайталамауын сұраймын", – дейді әйел.
18 жылға сотталған әйел бостандыққа тек 2030 жылы шығады. Шыққан соң қайтыс болған құрбысының анасынан кешірім сұрағысы келетінін айтады.