Жеке сот орындаушы ата-анасыз қалған 2 қыздың үйін сатып жібермек болды  
Жеке сот орындаушы ата-анасыз қалған 2 қыздың үйін сатып жібермек болды  
Фото: yandex.kz
301
оқылды

Алматыда ата-анасыз қалған 2 қыздың үйін сатып жібермек болған жеке сот орындаушының әрекеті әшкере болды, – деп хабарлайды inbusiness.kz.

15 және 3 жастағы қыздардың анасы сотталып кеткен. Жеке сот орындаушысы Расулов үшінші тараптың арызына сүйеніп, сотталушыдан 46 млн теңгені өндіру қажет деген желеумен, үйдің жартысын сатпақ болған. Оның бұл әрекетін Медеу аудандық сотының судьясы Молдабаев та қолдап, шешім шығарып берген. Заңды белшесінен басқандар меншік иесінің қатысуынсыз мүлікті бағалаған.

Ал қорғансыздың күнін кешкен екі қызды үйден күштеп шығарып жібермек болған. Алайда, абырой болғанда, қыздардың әпкесі, яғни қамқоршысы Алматы қалалық сотына арыз түсіріп, соттың бірінші сатыдағы үкімінің күшін жойдырды.

Бұған дейін Алматыда үйді босатуды талап етіп келген жеке сот орындаушыны үй иесі атып тастаған еді.