Жамбылдағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаев табылды ма?
Жамбылдағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаев табылды ма?
© жеке мұрағаттан
498
оқылды
Жамбылдағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалған әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаев табылды ма? Мұны аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өзінен сұрап көрдік. Айтуынша, сүйіншілететін хабар жоқ. Іздестіру жұмыстары әлі жүріп  жатыр, - деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Оған Қорғаныс министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерімен бірге, облыс тұрғындары да атсалысуда. Тіпті  оқиға болған жердегі  топырақты да мамандар електен өткізіп жатыр, дейді. Ал өткен аптада "Бауыржанды көрдім" деген ақпарат шыққан болатын.  
"Сөз, оның бәрі. Біреу алай дейді, біреу былай дейді. Бірақ, нақты сол екенін, біріншіден, ешкім айта алмайды. Екіншіден, нақты оның тірі екені де белгісіз. Бірақ, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр,  әрі қарай жүргізіле береді, - дейді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жойқын жарылыс болған еді. Апаттың салдарынан 17 адам қаза тапты. Төтенше жағдай кезінде 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев жоғалып кеткен.  Содан бері  жігітке қатысты ешқандай хабар жоқ. Бұған дейін Бауыржан Дәуітбаевтың әйелі іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.