"Сөз, оның бәрі. Біреу алай дейді, біреу былай дейді. Бірақ, нақты сол екенін, біріншіден, ешкім айта алмайды. Екіншіден, нақты оның тірі екені де белгісіз. Бірақ, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, әрі қарай жүргізіле береді, - дейді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жойқын жарылыс болған еді. Апаттың салдарынан 17 адам қаза тапты. Төтенше жағдай кезінде 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев жоғалып кеткен. Содан бері жігітке қатысты ешқандай хабар жоқ. Бұған дейін Бауыржан Дәуітбаевтың әйелі іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.
Жамбылдағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаев табылды ма?

381
оқылды
оқылды