Қазақстанда қанша шетелдік шенеунік қызмет етеді?
Қазақстанда қанша шетелдік шенеунік қызмет етеді?
©А.Ахметқазы
255
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 16 059 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда еңбек етеді.

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: І санат – 647 (басшы және олардың орынбасарлары), ІІ санат – 3 222 (құрылымдық бөлімше басшылары). Сондай-ақ мамандар – 7 746 адам және білікті жұмысшылар – 718 адам. Маусымдық жұмысқа – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 957 адам еңбек етеді» делінген ресми хабарламада.
Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартқан 1 739 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл – жалпы жұмысшы санының 97%-ы.

Мигранттар көбінесе Қытайдан – 4 068 адам, Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам келсе, Ұлыбританиядан 1 047 адам келген.

Бұған Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттар туралы жазған болатынбыз.