25 қарашада Алматыда медиа индустрияның негізгі ойыншыларының кәсіби пікірталас алаңы және қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы жетекші салалық конференция — XIII республикалық «Media құрылтай» өтеді.
Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастыратын жиын барысында қатысушылар нарықтың ең күрделі мәселелері мен сын-қатерлерін талқылайды, консенсус пен шешімдер жолын қарастырады, медиа-бизнесті дамытудың табысты стратегияларына тиесілі тәжірибесімен бөліседі және тиімділігі жоғары networking қамтамасыз етіледі.
«Media құрылтай 2021» пандемияға байланысты медиа индустрияға серпін беру, БАҚ-қа сенім, заңнама, медиа-бизнесті басқарудағы жаңа үдерістер, т.б. мәселелерге арналады.
«Media құрылтай» өткізілген 12 жыл ішінде оған 2000-нан астам адам қатысты. Аталған жиынды қатысушылар, сарапшылар және БАҚ өкілдері жоғары бағалады.
Media құрылтайда ұйымдастырушылар саланың даму барысын анықтайтын кәсіби аудитория – құрылтайшылар, меншік иелері, БАҚ редакторлары, мемлекеттік құрылымдар жиналады.
БАҚ-тың жұмыс тәжірибесінде, коммуникацияларда және GR, бизнесте қолданылатын, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттері мен сарапшылар зерттейтін жоғары кәсіби контентті ұсынады. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты онлайн және оффлайн форматта қатар өтетін шараға тіркелу жүріп жатыр.