"Қызыл" мәртебесі бар 70 алматылыққа айыппұл салынды
"Қызыл" мәртебесі бар 70 алматылыққа айыппұл салынды
© gov.kz
190
оқылды
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
"Кейбір «қызыл» мәртебесі бар алматылықтар дәрігерлердің талаптарын елемей, қоғамдық тамақтану орындарына, сауда ойын-сауық орталықтарына, қала кинотеатрларына баруға барынша тырысуда. Бүгінгі күнге дейін осындай талапты бұзған 70 адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – деп атап өтті Ж.Бекшин.
Осыған байланысты қаланың бас санитары азаматтарды жасына және қызмет саласына қарамастан, ұсыныстар мен шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды және карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша жұмыс жалғасатынын айтты. Оның айтуынша, қала тұрғындарын «жасыл» аймаққа кіргеніне қарамастан, алыс және жақын шетелдердегі КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, карантиндік шараларды сақтауды жалғастыруға және белсенді вакциналануы қажет. Тек ұжымдық иммунитет ғана вирустың таралуын тоқтата алады. Мегаполис тұрғындарының КВИ инфекциясын жұқтыру көрсеткіші, сауда нысандарында – 31,5%, отбасыларда – 22,0%, қоғамдық көлікте – 18,3% және базарларда – 10,2%-ды құрап отыр.  

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы