«Жедел іздестіру шаралары барысында 24 және 30 жастағы осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екі күдікті азамат анықталды. Олар ұзақ уақыт бойы дүкеншіге төлем туралы жалған чектерді ұсынып келген», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция сауда саласындағы адамдарды сақ болуға шақырды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы