Президент кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
© khabar.kz
201
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады» делінген сайтта.
Айта кетейік, 30 қыркүйекте қазақстандық саясаткерлер мен олардың отбасыларының ақша операциясы тексерілетіні туралы айтылған еді. Бұған дейін депутаттар Мәжіліске заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша түзетулер енгізген болатын.