Қызылорда облысында баласымен бірге жоғалып кеткен 40 жастағы азамат табылды
Қызылорда облысында баласымен бірге жоғалып кеткен 40 жастағы азамат табылды
240
оқылды
Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепованың хабарлауынша, құтқарушылар елсіз далада адасып кеткен азаматтарды Аққырдан 45 шақырым қашықтықтан тапты. Мәлім болғанындай, олар ауылға азық-түлік алуға келген. Одан кейін 80 шақырым қашықтықта жатқан Түгіскен учаскесіндегі шаруашылығына бет алған.
«Жолда жаңбыр аралас қар жауған. Осылайша олар ауа райының қолайсыз болуынан межелі жерден адасып кеткен. Салдарынан 16-17 қараша күндері далада ықтасын орындарға қонуға мәжбүр болған», - деді жедел құтқару жасағының басшысы Данышбай Есемұратов.
Құтқарушылар адасқан адамдарды бүгін, 18 қарашада сағат 13.50-де Текей деген аумақтан тауып алған. Мамандар олардың жүрген жолдарын барлай отырып іздестіру жүргізген.