Балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салына бастады
Балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салына бастады
225
оқылды
Қызылорда облысында 12-18 жас аралығындағы балалар және жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге арналған Pfizer вакцинасы салына бастады. Алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алған. Бүгінге дейін 70 студенттің ата-аналары балаларына вакцина салу­ға келісім берген көрінеді. «Бүгінде барлық емханаларда дайындық жұмыстары пысықтал­ған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. Өткен аптада Pfizer-дің 23 400 дозасы жеткізілді. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізуші әйелдерге салынады», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов. «Жалпы, Қызылорда облысы «жасыл» аймақта. Өңірде осы індетпен ауырғандардың 96 пайызы емделіп шықты» дейді ақ халаттылар. Вакциналау жұмыстары бас­тал­ғалы бері облыста вакцинаның 1 компонентін 385 601, екінші компонентін 320 783 адам алған.

Е.ӘЛ-ШОҚАЙ, Қызылорда облысы