Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.
Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді.
Сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмысының барысымен танысады деп жоспарланып отыр.