Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) доминикандық Алексис Гарсиямен (11-0, 7 КО) титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Sports.kz.
Жекпе-жек 20 қарашада Гамбургте (Германия) WBC International Silver нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы чемпиондық титул үшін болады. Кособуцкий өзінің алдыңғы жекпе-жегінде тағы бір чемпиондық белдікті – WBA International-ды қорғаған болатын. Гарсияға келетін болсақ, ол әлі кәсіби рингте титулдық жекпе-жек өткізбеген.