Қазан айының қорытындысы бойынша, аурухана қызметтерінің бағасы бір айда – 0,3%, ал бір жылда 10,1%-ға қымбаттады, – деп хабарлайды Energyprom.kz сайты.
Ең жоғары баға келесі өңірлерде тіркелді:
Алматы облысы – 20%;
Түркістан облысы – 18,1%;
Павлодар облысы – 15,6%.
Ал ең төмен өсім Ақтөбе облысында тіркелді, бір жылда 0,8% ғана өскен.
2021 жылдың І жарты жылдығында аурухана қызметтерінің бағасы 618,7 млрд теңгеге жетті, өткен жылмен салыстырғанда 60,3%-ға көп. Салыстырмалы түрде 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында 385,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,9% көп.
бюджет есебінен – 547,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, өсім – 56,7%;
халық өз ақшасынан төлеген қызметтер саны – 66,7%, 38,7 млрд теңгеге;
кәсіпкерлік есебінен – 2,4 есе өсті, 32,2 млрд теңгеге дейін.
Келесі өңірлерде бәрінен көп қызмет көрсетілді:
Алматы – 99,4 млрд теңге, өткен жылға қарағанда 67,2% көп;
Нұр-Сұлтан – 79 млрд тг, 79,2% артқан;
Түркістан облысы – 56,3 млрд теңге, 74,9%.
Ал бәрінен аз Атырау облысында қызмет көрсетілді – 11,7 млрд теңгеге, 2020 жылмен салыстырғанда 33,4% көп.
Жыл басынан бері ауруханалардағы хирургия бөлімдері 107,2 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,9%-ға көп. Сондай-ақ: