Қостанай облысында ірі жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам зардап шекті.
21 қарашада сағат 05.30 шамасында Рудный-Қостанай жолында 29 жастағы жүргізуші BMW маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 31 жастағы жүргізуші басқарған Audi көлігімен соқтығысқан.
Audi жүргізушісі мен бір жолаушысы сол жерде көз жұмды, тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.