Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
Ақтөбе облысында 21 қараша сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жолдың дұрыс көрінбеуі) "Самара-Шымкент" автожолының 526 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да таңертеңнен бастап "Самара-Шымкент" автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысы шекарасында автокөліктің барлық түріне шектеу қойылды.