БҚО-да мас күйінде көлік айдаған жүргізушілер жол апатына ұшырады
БҚО-да мас күйінде көлік айдаған жүргізушілер жол апатына ұшырады
Фото: laishevskyi.ru
308
оқылды

Батыс Қазақстан облысында екі жүргізуші мас күйінде жол-көлік оқиғасына ұрынды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі оқиға да 19 қараша күні Бөкей ордасы ауданында болған. Сағат 17.20-да 35 жастағы жүргізуші «Лада Ларгус» автокөлігімен Сайқын-Бисен жолында Сайқын ауылынан 10 шақырым қашықтықта рульге ие бола алмай, бетон қоршауға соқтығысқан. Соның салдарынан автокөлікте отырған жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Медициналық куәландыру жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйінде болғандығын көрсетті. Сол күні шамамен сағат 10.00-де 24 жастағы жүргізуші Сайқын ауылында «ВАЗ-2107» автокөлігін жеңіл дәрежеде мас күйінде айдап, белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан кейуананы қағып кеткен.