Рolisia.kz-тің жазуынша, Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне 67 жастағы ауыл тұрғыны арызданған.
Зейнеткер атына 1 миллион 600 мың теңге несие рәсімделгеніне шағымданған. Ол банкке қарыз екенін несиені төлеу туралы талаптар түскенде бір-ақ білген.
Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, жәбірленушінің танысы, 40 жастағы әйелді ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.