Қызылордада әлеуметтік желіде танысқан қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қараша күні сағат 06:27 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны хабарласқан.
Ол Қызылорда қаласының тұрғыны жаңадан танысқан ер адам үйіне келіп, оны қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алып кеткенін айтқан. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тексеру нәтижесінде, сол күні сағат 04:00 шамасында арызданған азаматша әлеуметтік желіде бір азаматпен танысып, оны үйіне шақырған.
Сөйтіп, арада шамамен 30 минуттан кейін үйіне танысқан ер адам мен оның досы келген.
https://youtu.be/EZrz2AEeVNs
Кейін артынан тағы екі азамат кіріп, төртеуі қосылып, қызды қорқытып, телефоны мен ақшасын тартып алып кеткен.