Шортандыда болған жарылыстан қаза тапқан жасөспірім муайтайдан ел чемпионы болған
Шортандыда болған жарылыстан қаза тапқан жасөспірім муайтайдан ел чемпионы болған
© azattyq-ruhy.kz
636
оқылды
Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесіндегі барак үйлердің бірінде болған газ баллоны жарылысынан зардап шегіп, ауруханада көз жұмған 12 жастағы бозбала муайтайдан Қазақстан Республикасының чемпионы болған. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Муайтайдан балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы 12 жастағы Жарқынбек Оразалының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз» делінген ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, 16 қараша күні Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түскен болатын. Оқыс оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында Шортанды кентінде Линейная көшесіндегі үш пәтерлі барак үйде болды. Жарылыстан кейін 3 пәтер өртеніп, оның бір бөлігі құлады.