Студенттерді алдап, несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Студенттерді алдап, несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Фото: orinfo.ru
233
оқылды

Петропавлда полицейлер бірнеше ай бойы алаяқтықпен айналысып, студенттерге несие ресімдеткен 18 жастағы бозбаланы ұстады.

18 жастағы Петропавл тұрғыны студенттерді алдап, несиеге телефон алғызған. Жәбірленушілердің айтуларынша, жас жігіт оларды интернет арқылы тауарды несиеге алуға үгіттеген және кейін акция шарты бойынша несиені өтеудің қажеті болмайды, яғни қарыз кешіріледі деп сендірген. Алаяқтың арбауына түскендер ұялы телефон сатып алған. Қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 18 жастағы қала тұрғынын ұстады.
«Күдіктінің сөзінше, ол тамыз айынан бастап осы тәсілмен жастарды алдай бастаған. Тергеушілер қазір барлық мән-жайды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде осы істегі эпизодтар 20-дан асады. Күдіктінің құрбандары Петропавлдың оқу орындарының студенттері», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлнұр Ахмедьяров.