Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасы өкілеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы өкілеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдады. Партияны Президент басқару керек деп есептейді. Өкілеттікті тапсыру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады", - деп жазды ол.