Алматы облысында жүкті әйел перзентхананың үшінші қабатынан секірмек болды
Алматы облысында жүкті әйел перзентхананың үшінші қабатынан секірмек болды
© inform.kz
239
оқылды
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
«Алматы облысындағы Қаскелең перзентханасының дәрігерлері терезеден секірмек болған жүкті әйелді құтқарып қалды»,- деп жазды желі қолданушы.
Алматы облыстық Полиция департаменті аталған оқиғаны растады.
«Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаның 24 қазанда Қаскелең қаласының перзентханасында болғанын хабарлайды. Қарасай ауданының 41 жастағы тұрғыны 3-қабаттың терезесінен секіруге тырысқан»,- деп жауап берді ведомстводан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді және оның шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.