Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды.
Амандық Баталов 1952 жылы Өзбекстанның Нүкіс қаласында дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген.
1981-1985 жылдары – «Алматыөңдеуқұрылыс» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасында аға прораб, бас инженер, басшы болған.
1985-1987 жылдары – Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық комитетінің нұсқаушысы, Құрылыс және өндірістік құрылыс материалдары қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қала шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
1987-1989 жылдары – құрылыс және өнеркәсіптік құрылыс материалдары облыстық комитетінің төрағасы.
1989-1991 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының құрылыс, өнеркәсіп құрылыс материалдары бөлімінде жетекші маман, бас маман.
1991-1992 жылдары – ҚР Президенті аппаратында құрылыс, өнеркәсіптік құрылыс материалдары бөлімінің референті.
1992 жылы – «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті.
1992-1994 жылдары – Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.
1994-1995 жылдары – Ленин аудандық әкімшілігінің әкімі.
1995-2001 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.
2001-2008 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары.
2008 жылдан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың тамыз айынан бері Алматы облысының әкімі болды.