Көкшетауда түнде екі кішкентай баласы бар әйел жоғалып кетті
Көкшетауда түнде екі кішкентай баласы бар әйел жоғалып кетті
Фото: yandex.kz
175
оқылды

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 қарашада Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне 53 жастағы әйел хабарласып, 1993 жылғы қызы Әсел Қаппасқызы Ахмеджанованы табуға көмек сұраған.

Анасының айтуынша, қызы 19 қараша күні сағат 00:00 шамасында балаларын үйде қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған.    width= Әйелді Көкшетау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері іздеп жатыр.
Жоғалған әйел 1993 жылы туған. Кәмелет жасына толмаған екі баласы бар, некеде тұрмайды. Бойы – 160-165 см, дене бітімі толықша, шашы иықтан төмен, ерні қалың, тік мұрынды. Үстіне қара түсті күрте, қара бас киім, сұр трико, ашық қоңыр түсті кроссовка киген.
Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу 8(7162) 29-96-00 телефоны немесе 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.