Алматыда екі күнде 315 адам қайта вакцина алды
Алматыда екі күнде 315 адам қайта вакцина алды
Фото: togliatti24.ru
375
оқылды

Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында қаладағы №7 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбол Жұмабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша екі күн ішінде 315 адам қайта вакциналанған.
«22 қарашадан бастап  қаладағы барлық  емханаларда ревакцинация науқаны басталды. Бүгінде екпені медицина қызметкерлері, педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар ала алады», – деді  емхана бас дәрігерінің орынбасары.
Н. Жұмабековтің айтуынша, ревакцинация бұрын жасалған екпенің төмендеген тиімділігін  жоғарылатады. Сонымен қатар, ол векторлық вакцинаны еккен соң 9 айдан  кейін жасалады. Ревакцинация туралы айта келе, Н. Жұмабеков егілмеген халықты вакцинаның екі компонентін алуға шақырды. Осы уақытқа дейін вакцинадан бас тартқандар үшін ол реанимацияға экскурсия жүргізуді ұсынды, онда коронавирус жұқтырған адамдар өмір үшін күресуде. «КВИ-ге қарсы вакциналау басталғаннан бері бір жылға жуық уақыт өтті және барлық  адамдар  оның арқасында аурудың таралу қарқыны тоқтағанын түсінді. «Жасыл аймаққа» кіруіміз  – бұл вакцинация нәтижелерінің бірі», – дейді дәрігер.

Ол сонымен қатар тұмауға қарсы иммундауды ұсынады, бірақ тұмау мен ковидке қарсы вакцинаны бір мезетте алмаған жөн, олардың аралығы кем дегенде 14 күн болуы керек.

Алматы қаласы