Өзеннен екі зейнеткердің мәйіті табылды
Өзеннен екі зейнеткердің мәйіті табылды
269
оқылды
Ақтөбе облысында Темір өзенінен екі зейнеткердің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 23 қарашада Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Олар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан алып шықты. Туыстарынан жауап алу кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды. Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің де мәйітін тауып шығарды.