Қостанайда 24 қарашада сағат 17:20-де Путейская көшесіндегі үй өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер 6 пәтерлі өртеніп жатқан үйге 14 минутта жетті.
«Жалпы 50 шаршы метр аумақ өртенген. 4 тұрғын эвакуацияланды. Жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл көмек көрсетті. Қалалық ауруханаға 44 жастағы әйел жеткізілді. Денесінің 80-88 пайызын ІІІ дәрежелі күйік шалған. Халі мүшкіл, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 46 жастағы күйеуінің беті мен қолы күйіп қалған. Осы отбасының жеті жастағы қызы жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей көз жұмды», – деді ТЖД өкілі.
Өрт сағат 18:23-те толық сөндірілді. Оны сөндіруге 26 адам мен 7 арнайы техника жұмылдырылды. Өрттің себебін мамандар анықтайды.