Алматы полицейлері отбасында жанжал шығаратындарды тексереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы өтеді.
Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров: «Тексеру жүргізудегі мақсат – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау. Іс-шара аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ІІО-да есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, заң талабын сақтамаған және ішімдікті асыра пайдаланатын адамдарды есепке алу, олардың қылмыс жасауына жол бермеу, – деді.
Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында да құқықтық кеңес пен психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны жұмыс істейді.
Егер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияға хабарласуға болады.