Алматыда полицейлер отбасында зорлық-зомбылық көрсететіндерді тексеретін болды
Алматыда полицейлер отбасында зорлық-зомбылық көрсететіндерді тексеретін болды
Фото: news.myseldon.com
184
оқылды

Алматы полицейлері отбасында жанжал шығаратындарды тексереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы өтеді.
Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров: «Тексеру жүргізудегі мақсат – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау. Іс-шара аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ІІО-да есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, заң талабын сақтамаған және ішімдікті асыра пайдаланатын адамдарды есепке алу, олардың қылмыс жасауына жол бермеу, – деді.
Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында да құқықтық кеңес пен психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Егер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияға хабарласуға болады.
  1. Алматы қалалық ПД: 254-45-99,
  2. Алмалы аудандық ПБ: 254-46-24,
  3. Алатау аудандық ПБ: 227-55-54,
  4. Әуезов аудандық ПБ: 298-53-33,
  5. Бостандық аудандық ПБ: 254-47-32,
  6. Жетісу аудандық ПБ: 254-49-43,
  7. Медеу аудандық ПБ: 254-48-66,
  8. Түрксіб аудандық ПБ: 298-54-25,
  9. Наурызбай аудандық ПБ: 254-49-48.
Дағдарыс орталықтарының телефондары: «Родник» ҚҚ – 396-19-38; «Жан-Сая» КММ – 150 (анонимді, тәулік бойы) немесе 8-777-225-53-26; «Араша» КК – 317-57-17.

Бұған дейін Алматыда үш баласы бар әйел 9-қабаттан алдымен балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткенін жазған болатынбыз.