Жамбыл облысында әйел туған баласын бөтен адамдарға берген
Жамбыл облысында әйел туған баласын бөтен адамдарға берген
221
оқылды
Алматыда іздеуде жүрген қыз Жамбыл облысында жезөкшелікпен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері “Stop-трафик” іс-шарасы барысында 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке “жеңгетай” санаты бойынша бір адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін алты әйел қойылды. Олардың бірі Алматы қаласында іздеуде болған, осыған байланысты Алматы қаласына одан әрі жіберу үшін тергеу изоляторына қамауға алынды. https://www.youtube.com/watch?v=n8KHFxgJ1AE