Шымкентте мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
Шымкентте мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды
205
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. 8 адамнан тұратын қылмыстық топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан. Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ҰҚТ-ның қатысы бар екендігі анықталды. Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған. Нәтижесінде мемлекетке 3,1 млрд. теңге сомасына салық төленген жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралуда.