«Қазгидромет» РМК еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
26 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Өңірдің оңтүстігінде - тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
26 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда 26 қарашада түнде және таңертең - тұман.
26 қарашада Қызылорда облысының орталығында, 27-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Түнде 26 қарашада Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 26-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Қарағандыда 26 қарашада жолдарда көктайғақ болады.
26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таулы, тау бөктерлі аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
26 қарашада Маңғыстау облысының батысында тұман түседі.
Түнде 26 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.
26 қарашада Алматы облысының солтүстігінде және шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде тұман түседі.
"Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды", - деп хабарлады ведомстводан.